Мұғалімдер арасында «Сөзмерген» интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым, Бабалардың жалғастырар арманын. Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім, Өткенімді бүгінменен жалғадым. Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің «Өлең - өмір» атты онкүндігі аясында мұғалімдер арасында «Сөзмерген» интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Мақсаты - қазыналы қазақ тілін жетік меңгерген тіл жанашырларының тілге жүйрік, сөзге шешен екендігін анықтап, нағыз сөз мергендерін тану. Сайыс барысында мұғалімдер тұрақты тіркестердің, мақал-мәтелдердің мағынасын ашып,