10000000_691226923202984_6737902647205907693_n.mp4 [35,67 Mb] (cкачиваний: 0)
ӨЗ ЖҰЛДЫЗЫҢДЫ ЖАҚ Наурызбай ауданы
#206 мектеп-гимназияда "Өз жұлдызыңды жақ" қалалық жас педагогтер байқауының мектепішілік кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты: Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыру және шығармашылық әлеуетін жандандыру, одан әрі кәсіби өсуіне жағдай жасау.

Байқау үш кезеңде өткізілді. І кезең. «Мен мұғаліммін» эссе ІІ кезең. «Менің педагогикалық тұжырымдамам» презентациясы. ІІІ кезең. «Менің алғашқы сабағым» оқу сабағы.

Байқауға қатысып, жүлделі орындарға ие болған ұстаздар: І орын - Зиаділда Назерке Талғатқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. ІІ орын - Ахатқызы Зарина, бастауыш сынып мұғалімі. ІІІ орын - Ерсұлтанова Құндыз Ерсейтқызы, информатика пәні мұғалімі ІІІ орын - Балмағамбетова Анель Жадигеровна, ағылшын тілі пәні мұғалімі Байқауға белсенді қатысқан ұстаздар: Нарымбаева Жұлдыз Мұратқызы - математика пәні мұғалімі Рүстембек Бекзат Саматұлы - дене шынықтыру пәні мұғалімі Мақұм Нұрханым Нұрханқызы - биология пәні мұғалімі.