06
мамыр
2024
№206 мектеп-гимназиясы 3-сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан", 6-сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылдау іс-шарасы өтті.
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай №206 мектеп-гимназиясы 3-сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан", 6-сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылдау іс-шарасы өтті. Мақсаты: ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу. Өз Отаны – Қазақстан Республикасының патриоты болуға; Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге; Туған елі, жері, Отанын мақтаныш етуге; Ата-аналарын қадірлеуге; Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге; Білімге табандылықпен ұмтылуға; Салауатты өмір салтын ұстануға; Табиғатты аялауға; «Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарынан талап етуге, Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде АНТ берді.