Хабарландыру » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
тамыз
2023

Хабарландыру

Хабарландыру!


Алматы қаласы, Наурызбай ауданы «№206 мектеп-гимназия» КММ мұғалімнің бос лауазымына КОНКУРС жариялайды: 

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.  

Конкурс төмендегідей негізгі бос орындарға жүргізіледі:

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – 2, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – 1, орыс тілі пәнінің мұғаілімі – 1, биология пәнінің мұғалімі – 1, бастауыш пәнінің мұғалімі   - 3, математика пәнінің мұғалімі – 4, тарих пәнінің мұғалімі – 2, педагог-ассистент – 1.

1.Конкурс өткізілетін орын: 

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы «№206 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі050050, Алматы қаласы, Талжанов көшесі, 1 Б, тел 358-57-39, электрондық мекенжайы: 206shg_ 

2.Лауазымы (еңбекақы мөлшері мен шарттары) мұғалім педагогикалық жүктеме 16 сағат,  жалақы 150000-20000.

3.Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: enbek.kz сайтына тіркелу, тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат.

- оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша "педагог", "педагог – модератор" , "педагог – сарапшы", "педагог – зерттеуші" немесе "педагог-шебер"біліктілік санатының болуы.

4. Құжаттар тізімі :

1) 10-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтініш (қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып).

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

4) білім туралы құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжат;

6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі-ҰТК)немесе педагог-модератордың,педагог-сарапшының,педагог-зерттеушінің,педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді (жоғарылату туралы құжаттардың көшірмелері. біліктілік., оқу/академиялық оқу дәрежелері мен атақтары, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілігі. алдыңғы жұмыс орнының басшысының ұсынымдары).