Оқушыларға » Страница 9 » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
№206 мектеп-гимназиясында "Өзін-өзі басқару" ұйымының 2-жиналысы өтті
15
қараша
2023
№206 мектеп-гимназиясында "Өзін-өзі басқару" ұйымының 2-жиналысы өтті
2023 жылдың 15 қараша күні Алматы қаласы Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясында "Өзін-өзі басқару" ұйымының 2-жиналысы өтті. Жиналыста оқушылардың тазалық, тәртіптері айтылып, атқарылған және алдағы өткізілетін іс-шаралар, қатысатын жарыстарға байланысты пікірлер айтылды. Мектеп министрлеріне жұмыстар бөліп берілді. Жиналысқа мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Жолмурзаева Эльмира және аға-тәлімгер Жамалова Жанар қатысты.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді
27
қазан
2023
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу
Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау ІІМ-нің ерекше бақылауында Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Онда жасөспірімдер ортасында жасалатын қылмыстарды анықтау, жолын кесу және алдын алу шаралары қарастырылған.
9-сынып оқушыларына Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  студенттері және кураторы  “Мектептегі буллинг” тақырыбында семинар өткізді
19
қазан
2023
9-сынып оқушыларына Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің
Мектептегі буллинг Біздің мектебіміздің 9-сынып оқушыларымен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Жалпы Мединцина факультеті, 5 курс 19-02 тобының студенттері және кураторы Сағынова Айнур Қыстаубайқызы “Мектептегі буллинг” тақырыбында семинар өткізді. Адам бойында девиантты мінез-құлық, эмоционалды күйзеліс, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы іс-шараларды түсіндірді. Балаларды жан-жақты хабардар етіп, олармен ой алмасты.  Біз буллингке жол бермейміз!
2«В» сынып оқушылары «Алатау» дәстүрлі өнер театрына «Әгугай мен Илигай» атты музыкалық ертегісінің қойылымына барды
02
қазан
2023
2«В» сынып оқушылары «Алатау» дәстүрлі өнер театрына «Әгугай мен
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияның 2«В» сынып оқушылары «Алатау» дәстүрлі өнер театрына «Әгугай мен Илигай» атты музыкалық ертегісінің қойылымына барды.  Мақсаты: өскелең ұрпақтың өзін-өзі мәдени орында ұстауын, кітаптан оқып жүрген ертегілерін өз көзімен қойылым арқылы көру,  бойына сіңіру, сыныптың оқушылары арасында жақсы қарым-қатынасты қалыптастыру.  Керемет қойылым үшін @alatau.theater ұжымына мың алғыс. Жетекшісі: Нұрахан Ұлдана
Мектеп психологы Сманкулова Ляйла Ерекенқызы 11 “В” сыныппен тренинг жүргізді
19
қыркүйек
2023
Мектеп психологы Сманкулова Ляйла Ерекенқызы 11 “В” сыныппен тренинг
“Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті “ тақырыбында мектеп психологы Сманкулова Ляйла Ерекенқызы 11 “В” сыныппен тренинг жүргізді. Мақсаты:Оқушыларға  мамандық таңдау,олардың әдістері туралы білімдерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
“Сенім QR” жүйесі іске қосылды
14
қыркүйек
2023
“Сенім QR” жүйесі іске қосылды
Сенім QR  Бүгін 13.09.2023ж #206 мектеп-гимназияда “Сенім QR” кодты қолдану әрі қиыншылықтың алдын алу үшін іске қосылған жүйенің жұмысын түсіндіру мақсатында сынып сағаттары өтті. Берілген QR кодты сканерлеу арқылы оқушылар басына түскен қиын жағдайы туралы құпия түрде хабардар ете алады. Өтініш қабылдау жүйесі өз ісін бастап кетті.    Мұғалімге сенім білдірмесе, оқу игі жеміс бере алмайды