ТИПТЕР БОЙЫНША ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕПТЕРІ » №206 мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия №206»
управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 398-57-39
Бухгалтерия
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » ТИПТЕР БОЙЫНША ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕПТЕРІ
16
август
2022

ТИПТЕР БОЙЫНША ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕПТЕРІ

Жалпы білім беретін мектеп – жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру  бағдарламасын, сондай-ақ оқитындар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламасын пайдаланатын оқу орны. Жалпы білім беретін мектеп үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң негізгi буыны болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына мемлекеттiк стандарттың шегiнде тегiн жалпы орта бiлiм алудың мемлекет кепілдiк берген құқықты  жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынады.
Жалпы білім беретін мектептер мемлекеттік және мемлекеттік емес болады (басқа мемлекеттің меншігі, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының жеке мектептері). Статистикалық есептілікте жалпы білім беретін мектептер келесі тип бойынша топтастырылады: бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі орта (5-9 сыныптар), жалпы орта (10-11(12) сыныптар), мектеп-интернаттар, дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептер, түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназиялар, лицейлер және т.б.
Преподаватели мен оқытушылардың саны  – тиісті кәсіптік білімі бар оқушылар мен студенттерді оқыту және тәрбиелеумен айналысатын, сондай-ақ тиісті кәсіптік білімі жоқ, алайда қажетті мамандардың болмауына байланысты Ұйым кеңесінің шешімі бойынша педагогикалық қызметпен айналысуға құқық алған тұлғалардың саны.

Похожие публикации:

16 август 2022 Хабарландыру