Менің Жеңіс Тарихым » №206 мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия №206»
управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 398-57-39
Бухгалтерия
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » Менің Жеңіс Тарихым
10
сәуір
2025

Менің Жеңіс Тарихым

1027036515_aqnea49v3b3s43hqxhn1vg161bfrzcglx5j4nl_ukbn_grddgqe4.mp4 [3,22 Mb] (cкачиваний: 0)

Мен Қошқарбаева Алия Алпысбекқызы No206 мектеп-гимназиясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін. Қошқарбаев Сураш – Ұлы Отан соғысының ардагері, өз елінің нағыз патриоты. Ол 1904 жылы Қазақ КСР-нің Оңтүстік Қазақстан облысы, Жуалы (бұрынғы Джувалинский) ауданында дүниеге келген.

Соғыс басталғанда, 1941 жылы, елін жаудан қорғау үшін майданға аттанды. Ол 39-шы арнайы мақсаттағы полктің 3-ші атқыштар дивизиясының құрамында қызмет етті. Әскерге Қазақ КСР-нің Джувалинский әскери комиссариатынан шақырылды. Соғыстың ауыр кезеңдерінде Отан алдындағы борышын адал атқарды.

Қанды қырғында ерлігімен көзге түскен Қошқарбаев Сураш бірнеше ауыр шайқастарға қатысып, жауға қарсы табандылықпен күресті. Жауынгерлік міндетін мүлтіксіз орындап, көрсеткен батылдығы үшін «Даңқ» орденімен марапатталды. Алайда соғыс даласында ауыр жарақат алып, 1945 жылы елге оралды. Жарақаттарының салдарынан көп ұзамай дүниеден өтті.

Сураштың артында жары Кошкарбаева Уайда мен алты баласы қалды. Ұлы Қошқарбаев Алпысбай елге 30 жыл бухгалтер болып қызмет етіп, еңбек ардагері атанды.

Қошқарбаев Сураштың әскери қызметі туралы архивтік мәліметтер:  

• Қайдан шақырылды: Қазақ КСР, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жуалы ауданы
• Әскери бөлім: 39-шы арнайы мақсаттағы полк, 3-ші атқыштар дивизиясы
• Майдандағы қызмет мерзімі: 25.06.1941 — 30.08.1945
• Командирі: Марков Михаил Павлович
• Информация көзі: Ресей Қорғаныс министрлігінің Орталық архиві (ЦАМО)

Қошқарбаев Сураш – елі үшін от кешкен қайсар жауынгер, ерлігі мен еңбегі өшпес мұра болып қала бермек. Оның есімі мен майдандағы ерлігі болашақ ұрпақ үшін үлгі-өнеге.

«Менің Жеңіс Тарихым» 
#МеніңЖеңісТарихым #80жылЖеңіске
#МояИсторияПобеды#Жеңіске80Жыл.