07
май
2025
7 Май – Отан қорғаушы күніне орай әскери парад өтті
7 Май – Отан қорғаушы күніне орай әскери парад өтті.
Астана қаласында 7 май – Отан қорғаушы күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті. Бұл – халқымыздың ерлікке толы тарихын дәріптеп, бейбіт өмір үшін күрескен батырларды еске алатын маңызды шара.
Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті арқау еткен мазмұнды сөз сөйледі. Сонымен қатар, парадқа Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам құрметті қонақ ретінде қатысты.
Президент өз сөзінде:
«Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз. Отан қорғау жолында опат болған боздақтарға тағзым етеміз. Бейбіт күнді қырағы күзетіп тұрған сарбаздарға құрмет көрсетеміз», – деді.
Бұл — жас ұрпақты Отанды сүюге, елін қорғауға тәрбиелейтін тағылымды үлгі.
@oqu_agartu_ministrligi
@nauryzbay_bilim_bolimi
@kusainova.s.a
@edu.almaty
@aliakbarovafatima