17
декабрь
2024
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы


Біздің мектепте «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасын табуда. Осы игі шараға 2 «Г» сынып оқушысы Ержан Заманбектің әкесі, журналист Ерлік Ержанұлы өзі оқыған түрлі кітаптарын мектеп кітапханасына сыйға тартты.
Бұл бастама оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырып, оларды кітап оқуға баулуға үлкен септігін тигізеді. Әр кітап — жаңа білім, жаңа әлем, жаңа қазына.

Ұстаздар мен оқушылар атынан алғысымызды білдіреміз!


@nauryzbay_bilim_bolimi
@aliakbarovafatima
@oqu_agartu_ministrligi
@edu.almaty
@kusainova.s.a

