№206 мектеп-гимназиясында “Мисс-206” байқауы өтті! » №206 мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия №206»
управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 398-57-39
Бухгалтерия
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » №206 мектеп-гимназиясында “Мисс-206” байқауы өтті!
12
март
2025

№206 мектеп-гимназиясында “Мисс-206” байқауы өтті!


№206 мектеп-гимназиясында “Мисс-206” байқауы өтті 🎉✨

«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» сынып жетекшілер апталығы аясында №206 мектеп-гимназиясында 9-10 сынып оқушылары арасында “Мисс-206” байқауы ұйымдастырылды.

Бұл сайыс жас арулардың ақыл-парасатын, өнері мен талантын танытуға бағытталды. Қатысушылар өздерінің жан-жақтылығын, білімін, ұлттық құндылықтарға деген құрметін көрсетіп, көрермендерді ерекше өнерлерімен тәнті етті.

Байқау жоғары деңгейде өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Бас жүлдені 10 “Б” сынып оқушысы Ясынбекқызы Фатима жеңіп алды.

Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! 💐👏
Видео әзірлеген: Информация министрі - Тоқтасынова Аружан