1027036515_aqpjsflfoyvz03abk89nstjtw7hf8xbsfd1dzjl7c82nxxcdpc6s.mp4 [7,28 Mb] (cкачиваний: 0)
Ұлттық киім күні – рухани мұрамыздың айнасы
Март мерекесі қарсаңында халқымыздың ғасырлар бойғы мәдени құндылықтарын ұлықтайтын ерекше күн – Ұлттық киім күні атап өтілуде. Бұл – ата-бабамыздан жеткен асыл мұраны дәріптеп, ұлттық болмысымызды жаңғыртудың тамаша мүмкіндігі.

Бүгінгі ұрпақ үшін – ұлттық киім кию тек дәстүрге құрмет қана емес, мәдени сәйкестіліктің белгісі. Сондықтан төл өнерімізді жаңғыртып, киіміміз арқылы ұлттық рухымызды дәріптеу – әрбіріміздің парызымыз.

Осы орайда баршаңызды ұлттық киім киіп, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналдыруға шақырамыз! Ұлттық нақыштағы киіммен түскен суреттеріңізбен бөлісіп, ортақ құндылықтарымызды бірге насихаттайық!