1027036515_aqnxqzutetnjfrdmn97flql9pzsseuvt1eq0aui3ajhjkm44hduc.mp4 [4,41 Mb] (cкачиваний: 0)
БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҚАЗАҚСТАН!


1 Май – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде 9-сыныптар арасында достық пен ынтымақты насихаттайтын мерекелік іс-шара ұйымдастырылды!

Түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан еліміздің басты құндылығы – бейбітшілік пен бірлік. Осыны ұран еткен оқушыларымыз бұл күні ұлттық киімдерін киіп, әр халықтың мәдениеті мен дәстүрін таныстырып, ән айтып, би билеп, тағамдар ұсынды.

Шара барысында:

9-сынып оқушылары өзара ынтымақтастықты насихаттайтын көріністер көрсетті;

Ұлттар достығына арналған патриоттық өлеңдер мен музыкалық нөмірлер орындалды;

Бірлік пен бейбіт өмірдің мән-маңызын ашатын презентациялар ұсынылды.

Мерекелік шара жас ұрпақтың бойында достыққа, толеранттылыққа және патриоттық сезімге баулитын жарқын үлгіге айналды.

Бірлігіміз бекем болсын, Қазақстан гүлдене берсін!
@kusainova.s.a
@oqu_agartu_ministrligi @aliakbarovafatima @edu.almaty