1027036515_aqofklilcg4m4ksasyf029bdgcw399y_5fslcq_aimfzikyd_jzc-1.mp4 [2,57 Mb] (cкачиваний: 0)

"Отбасым — бақыт мекенім" фотокөрмесі
№206 мектеп-гимназиясында Отбасы күніне орай бастауыш сынып оқушылары арасында "Отбасым — бақыт мекенім" атты фотокөрме ұйымдастырылды.

Көрмеге әр оқушы өзінің отбасымен түскен жылы естеліктерге толы фотосуреттерін ұсынды.

Шараның мақсаты – оқушылардың отбасыға деген сүйіспеншілігін арттыру, ата-анамен байланысын нығайту және жанұялық құндылықтарды дәріптеу.

Фотосуреттерден — махаббат, мейірім мен өзара түсіністік айқын сезілді. Бастауыш буын оқушылары өз отбасы туралы әңгімелеп, көрмені ерекше шабытпен таныстырды.

Отбасы — әр баланың жүрегіндегі шуақты әлем!
@oqu_agartu_ministrligi @nauryzbay_bilim_bolimi @edu.almaty
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima