4 июнь – "Государственные символы күні" » №206 мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия №206»
управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 398-57-39
Бухгалтерия
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » 4 июнь – "Государственные символы күні"
04
июнь
2025

4 июнь – "Государственные символы күні"

aqotkss2h_9qujgsp89jn14ox3ritvc96m8hhn3bia5_x0i24k18uopshx5wluy.mp4 [4,47 Mb] (cкачиваний: 0)
4 июнь – "Государственные символы күні" мерекесіне орай ұйымдастырылған дебаттық жазғы демалыс лагері аясында өткен ерекше дебат өз мәресіне жетті! 🇰🇿✨ 
Бұл шараның басты мақсаты — жастар арасында патриоттық рухты нығайту, мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызын тереңірек ұғындыру, сондай-ақ пікірталас мәдениетін дамыту болды. Лагерь қатысушылары өз білімін, шешендік қабілетін және сыни ойлауын көрсете білді.
🗣 Турнир барысында түрлі өзекті тақырыптар қозғалып, қызу пікірталастар өрбіді. Қатысушылар Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның тәуелсіз еліміз үшін алар орнын терең талқылап, өз көзқарастарын дәлелдей білді. Өзекті болып отырған  басты тақырып  Қазақстан Республикасының Государственные символыін коммерциялық мақсатта пайдалану оның мағынасы мен символдық құндылығы жайында.
Жақтаушы тарап Мемлекеттік Ту немесе Мемлекеттік Елтаңбаны коммерциялық мақсатта пайдалану Қазақстандық брендтердің танымалдылығын арттыруға және назар аударуға көмектеседі десе, қарсы тарап рәміздерді тек мемлекеттік мақсаттарда қолданылуы керек және оны коммерциялық брендингте пайдалану ұлттық құндылықтарымызды қорлау ретінде қабылдануы мүмкін деп пікірлерін білдірді.

🔹 Іс-шара достық атмосферада өтіп, жастар үшін ұмытылмас тәжірибе мен жаңа достықтың бастауы болды. Болашақ көшбасшылардың бойынан елге деген сүйіспеншілікті, жауапкершілікті және белсенді азаматтық ұстанымды байқадық. Осындай игі бастамалар көп болғай.  Жетекші: Дукенбаева А.Р