21
қаңтар
2025
«Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» жас мамандар байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназияда жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық әлеуетін арттыру, кәсіби шеберлігін жетілдіру мен заманауи әдістемелік озат тәжірибелерді тарату мақсатында «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» жас мамандар байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Мектепішілік кезеңге 10 мұғалім қатысты. Математика пәні мұғалімі Нарымбаева Жұлдыз Мұратқызы, ағылшын тілі пәні мұғалімі Куденова Шынар Кыдыркызы, химия пәні мұғалімі Камалова Алтынай Қайсарқызы, химия пәні мұғалімі Түймебай Ләйлә Сейдиллақызы, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сапарбай Мерей Сапарбайқызы, ағылшын тілі пәні мұғалімі Балмаганбетова Анель Жадигеровна, информатика пәні мұғалімі Ерсұлтанова Құндыз Ерсейтқызы, география пәні мұғалімі Алдабергенов Уркен Нуртайуғли, математика пәні мұғалімдері Жаппарова Сәуле Дүйсенқызы, Байгиков Жасұлан Құттыбайұлы.