28
наурыз
2024
ӨЗ ЖҰЛДЫЗЫҢДЫ ЖАҚ Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназияда "Өз жұлдызыңды жақ" қалалық жас педагогтер байқауының мектепішілік кезеңі өтті.
ӨЗ ЖҰЛДЫЗЫҢДЫ ЖАҚ Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназияда "Өз жұлдызыңды жақ" қалалық жас педагогтер байқауының мектепішілік кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты: Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыру және шығармашылық әлеуетін жандандыру, одан әрі кәсіби өсуіне жағдай жасау.
Байқау үш кезеңде өткізілді. І кезең. «Мен мұғаліммін» эссе ІІ кезең. «Менің педагогикалық тұжырымдамам» презентациясы. ІІІ кезең. «Менің алғашқы сабағым» оқу сабағы.
Байқауға қатысып, жүлделі орындарға ие болған ұстаздар: І орын - Зиаділда Назерке Талғатқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. ІІ орын - Ахатқызы Зарина, бастауыш сынып мұғалімі. ІІІ орын - Ерсұлтанова Құндыз Ерсейтқызы, информатика пәні мұғалімі ІІІ орын - Балмағамбетова Анель Жадигеровна, ағылшын тілі пәні мұғалімі Байқауға белсенді қатысқан ұстаздар: Нарымбаева Жұлдыз Мұратқызы - математика пәні мұғалімі Рүстембек Бекзат Саматұлы - дене шынықтыру пәні мұғалімі Мақұм Нұрханым Нұрханқызы - биология пәні мұғалімі.