17
сәуір
2025
Бастауыш сынып оқушысының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту білім сапасын арттырудағы – басты шарт!
2025 жылдың 17 сәуір күні №206 мектеп-гимназияда «Бастауыш сынып оқушысының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту білім сапасын арттырудағы – басты шарт» тақырыбында педагогтерді аттестациялаудан өткізу қағидалары мен шарттарына байланысты тәжірибесін жинақтау және таратуға ұсынылған оқу әдістемелік элективті бағдарламаларын ZOOM платформасында қалалық вебинар өткізілді.
Қалалық вебинарда Әуезов, Наурызбай, Жетісу, Түрксіб аудандарының пән мұғалімдері қатысты. Вебинарда өз тәжирибесімен бөліскен педагогтер: бастауыш сынып мұғалімі Э.А.Жолмурзаева «Бастауыш сыныптарда дарынды оқушылармен жұмыс», Еркебаева А.И. «Ауыз әдебиеті», Г.С. Батырова «Жаратылыстану», Г.Б. Игембердиева «Жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы», Г.С.Оспанова «Жазба жұмыстарын оқу, жазу, талдау грамматикасы» тақырыбында өздерінің элективті курс бағдарламаларымен педагогтерді таныстырды.
@edu.almaty
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima
@oqu_agartu_ministrligi
@nauryzbay_bilim_bolimi