11
мамыр
2025
Анамның қолы — мейірім мен махаббаттың символы
Анамның қолы — мейірім мен махаббаттың символы
Ана қолы – өмірдің ең үлкен жылулығын, қамқорлығын және шексіз сүйіспеншілігін бойына сіңірген. Ол — маңдайымыздан сипаған мейірім, тынымсыз еңбектің, отбасы берекесінің айғағы. Анамыздың қолы – өткен мен болашақты жалғайтын рухани алтын көпір.

«Бұл бейнежазба арқылы мен анам екеуміздің арасындағы ерекше байланысты жеткізгім келді. Анамның қолы — мен үшін жай ғана қол емес, ол — жылулықтың, қорғаудың және өмір бойғы сүйіспеншіліктің символы.
Ана мен қыз арасындағы байланыс – сөзбен айтып жеткізу қиын терең сезім. Бұл – бір қарағанда көзқарастан-ақ түсінісу, бір ауыз сөзсіз-ақ қолдау білдіру. Менің бейнемде анамның қолы – менің тірегім, сенімім мен шабыт көзім ретінде бейнеленді.
Осы байқау арқылы мен аналарымыздың еңбегі мен мейірімін бағалай білуді, сол жылулықты әрдайым жүректе сақтауды көрсеткім келді.»