21
мамыр
2024
«Төтенше жағдай кезіндегі сенің іс-әрекетің» тақырыбында жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Азаматтық қорғаныс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 21-мамыр күні Азаматтық қорғаныс штабының «Құтқару тобы, өрт сөндіру тобы, байланыс және хабарлау тобы, санитарлық көмек көрсету тобы, радиация және химиялық қауіпке қарсы құтқару тобы, жеке құрал-саймандарын тарату тобы, қоғамдық тәртіпті бақылау тобы» құрылды. «Төтенше жағдай кезіндегі сенің іс-әрекетің» тақырыбында жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді. Жаттығуға оқушылар құрамы мен оқытушылар құрамы толық қатысты. АҚ штабының орынбасары Ж.Ыскак Алматы қаласының жалпы сейсможаттығу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бүгінгі өткізіліп жатқан жаттығудың маңыздылығына тоқталып өтті.