20
май
2025
“BALAFEST” аясында — “Кітап – білім бұлағы” байқауы


2025 жылғы 19 май күні Алматы қаласында өткен “BALAFEST” балалар фестивалі аясында 181 жалпы білім беретін мектеп базасында көркем шығармаларды сүйіп оқитын білімалушылар арасында “Кітап – білім бұлағы” байқауы өтті.
Байқауға 200-ден астам оқушы қатысып, келесі үш бағыт бойынша өз өнері мен білімін ортаға салды:



Мектебіміздің 3 “Ғ” сынып оқушысы Жеңісбек Мирас “Кадрда оқу” номинациясы бойынша жүлделі III орынға ие болды!


Қалалық кезеңде жүлделі орын алған шәкіртімізбен мақтанамыз! Өнер мен білім тоғысқан — талапты да талантты оқушымызға алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз!

