
7 СӘУІР – ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ
Бүгін сынып сағатымызда «Өзіңе және айналаңдағыларға қауіпсіз велосипед тебуді қалай қамтамасыз етуге болады?» тақырыбында пайдалы әңгіме өткіздік.
Балалармен бірге талқылаған басты қағидалар:

Велосипед шлемін кию – қауіпсіздіктің алғашқы қадамы

Жол ережесін сақтау – өзіңе және өзгеге жауапкершілік

Жол белгілеріне назар аудару

Жарық шағылыстыратын киім мен құралдарды пайдалану

Велосипедтің техникалық жағдайын үнемі қадағалау

Адамдар көп жүретін жерлерде абай болу

Қоғамдық орындарда өзіңді мәдениетті ұстау

Велосипед – денсаулықтың, экологияның және белсенді өмір салтының кепілі. Оны қауіпсіз әрі жауапкершілікпен пайдалану – әрқайсымыздың борышымыз!