18
наурыз
2025
Ұлттық киім күні – рухани мұрамыздың айнасы!
Ұлттық киім күні – рухани мұрамыздың айнасы
Наурыз мерекесі қарсаңында халқымыздың ғасырлар бойғы мәдени құндылықтарын ұлықтайтын ерекше күн – Ұлттық киім күні атап өтілуде. Бұл – ата-бабамыздан жеткен асыл мұраны дәріптеп, ұлттық болмысымызды жаңғыртудың тамаша мүмкіндігі.
Бүгінгі ұрпақ үшін – ұлттық киім кию тек дәстүрге құрмет қана емес, мәдени сәйкестіліктің белгісі. Сондықтан төл өнерімізді жаңғыртып, киіміміз арқылы ұлттық рухымызды дәріптеу – әрбіріміздің парызымыз.
Осы орайда баршаңызды ұлттық киім киіп, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналдыруға шақырамыз! Ұлттық нақыштағы киіммен түскен суреттеріңізбен бөлісіп, ортақ құндылықтарымызды бірге насихаттайық!