14
мамыр
2024
№206 мектеп- гимназиясында 6-7 сынып оқушыларымен 15 мамыр 2024 жыл сағат 14:00-де KENES ПЛАТФОРМАСЫНДА «Балаларға арналған судағы қауіпсіздік» тақырыбында жиналыс өткізілді.


Наурызбай ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №206 мектеп- гимназиясында 6-7 сынып оқушыларымен 15 мамыр 2024 жыл сағат 14:00-де KENES ПЛАТФОРМАСЫНДА «Балаларға арналған судағы қауіпсіздік» тақырыбында жиналыс өткізілді. Мақсаты: Балаларға судағы қауіпсіздік ереже тәртібімен таныстыру және қауіпсіздік шараларын, алғашқы көмек көрсетуді үйрету. Жазатайым жағдайлардың санын азайтуға бағытталған. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кішкентай балалар шомылу кезінде үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс. Сәл үлкенірек жастағы жеткіншек балалар, өздері су айдынына шомылуға барған кезде де, суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажет. Көптеген жазатайым оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алатыны жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Суға шомылу кезінде жол берілмейді: 1. Бейтаныс жерде, көпірлер мен бөгеттердің астында жүзуге. 2. Су түбінің тереңдігі мен бедерін білмей биіктіктен сүңгуге. 3. Арнайы қоршаулар мен буйкалардан жүзіп кетпеуге. 4. Қайықтарға салдарға және басқа да жүзу құралдарына жақындауға. 5. Қайықтан, кемелерден, айлақтардан суға секіруге. 6. Суда ойнау кезінде бір-бірінің қол-аяқтарынан жармасуға.