04
қыркүйек
2025
Наурызбай ауданы №206 мектеп- гимназиясында жаңа 2025–2026 оқу жылының басталуына орай және 28 тамыз – 10 қыркүйек аралығында өтіп жатқан «Балаларға назар аударайық» республикалық акциясы өтуде
Наурызбай ауданы №206 мектеп- гимназиясында жаңа 2025–2026 оқу жылының басталуына орай және 28 тамыз – 10 қыркүйек аралығында өтіп жатқан «Балаларға назар аударайық» республикалық акциясы аясында мектебімізде 04 қыркүйек күні құқықтық кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңсыз іс-әрекеттердің алдын алып, жас ұрпақты заңға бағынушы, жауапкершілікті азамат ретінде тәрбиелеу. Іс-шараға мектеп инспекторы Ерболат Мерланұлы қатысып, 1–4 сынып оқушыларымен пайдалы әрі тәрбиелік мәні зор әңгіме жүргізді. Ол балаларға жолдан өткен кезде ережелерді сақтау, қоғамдық көлікте өзін дұрыс ұстау, үлкендерді құрметтеу, бөгде адамдармен сөйлеспеу, өз қауіпсіздігін сақтау жөнінде түсіндірді. Сондай-ақ оқушыларға күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын мысалдармен жеткізді. Кездесуге ДТІЖО И.Б. Мағзұмова және сынып жетекшілер қатысып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Шара соңында жас жеткіншектер құқықтық білім мен қауіпсіздік ережелерін меңгеріп, алған тәлімдерін күнделікті өмірде қолдануға уәде етті.


