Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау мақсатында полиция инспектроларымен кездесу өткізілді. » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау мақсатында полиция инспектроларымен кездесу өткізілді.
05
қыркүйек
2024

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау мақсатында полиция инспектроларымен кездесу өткізілді.

650033193_6b49869d77a20c1ae513d9eb84e0808e_video_dashinit.mp4 [6,45 Mb] (cкачиваний: 0)
Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау мақсатында полиция инспектроларымен бірге жоспар бойынша 2024 жылдың 03 қыркүйек күні бірлескен жоспарына сәйкес Наурызбай ауданы №206 мектеп- гимназиясының 9-11 сынып ұлдарымен кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №206 мектеп гимназиясының инспекторы Е.М.Кыдырбек және Наурызбай АПБ КПБ-ның жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Умеркулов Ахат Қанатұлы және М.М.Әскербай полиция инспекторларының қатысуымен кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс жерде ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы, жолда жүру барысында жол қауіпсіздігін сақтау, жаңа жыл мерекесінде пиротехникалық заттарды қолдануға болмайтындығын, ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын жазалар жөнінде оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу туралы айтып өтті. Сонымен қатар Білім алушыларға ең алдымен жолда жүру ережелері туралы, мектепке ұялы телефонға тыйым салынғаны туралы, кешкі мезгілде көшеде жүрмеу, кәмелетке толмағандарға түнгі уақытты көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салу, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктері мен темекі тауарларын сатуға тыйым салу туралыда  айтылды.

@nauryzbay_bilim_bolimi 
@kusainova.s.a 
@aliakbarovafatima