19
тамыз
2025
Бүгін, 19 тамыз Алматыда 2025-2026 оқу жылының басталуына орай, педагогикалық тамыз кеңесі өтті
Бүгін, 19 тамыз Алматыда 2025-2026 оқу жылының басталуына орай, педагогикалық тамыз кеңесі өтті. Тамыз кеңесіне Алматы білім ошақтарының басшылары мен педагогтары түгел қатысты. Жиында қала педагогтарының жетістіктеріне тоқталып, еңбектеріне қарай марапаттаулар жасалды. Бұл марапат ұстаз еңбегінің еленуі мен алдағы жұмысқа деген құлшыныстарын арттырады. Ұстаздармен қатар білім ошақтарының кіші қызметкерлері де марапатталды. Тұрақты, адал еңбектерінің нәтижесі. Осы орайда, мектебіміздің 25 жылдық стажы бар электрик маманы - Есенбаев Бағлан Ракымович Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қолынан Алғыс хат алды. Тамыз кеңесінің екінші бөлігінде былтырғы оқу жылына қорытынды жасалып, биылғы оқу жылындағы жаңалықтарға тоқталды. Алматы қаласы оқушылардың жетістіктері жағынан 23 жыл бойы республикада бірінші орында екенін баса айтты. Бұл - қала педаготарының жетістігі. Сонымен қатар, әлемдік деңгейде қарқынды дамып келе жатқан жасанды интеллектке ерекше тоқталды. Waygroud Quizizz AI (АҚШ) өкілі, әлемдегі 50 миллионнан астам мұғалім қолданатын педагогтерге арналған ірі жасанды интеллект платформасын жасаушы – Himanshu Ajmera, Цифрлық білім беру мен оқыту технологияларын енгізу саясаты және инклюзивті білім беру саласының маманы (Сингапур) – Chen Chung-An, Сингапурдағы Nanyang технологиялық университетінің ғылым факультетінің деканы – Simon Redfern әлемдік деңгейдегі тәжірибелерімен бөлісті.
Оқу-ағарту министрі мен қала әкімі педагогтерге биылғы оқу жылына сәттілік, еңбектеріне толағай табыс тіледі.
Мемлекетіміздің болашағы бүгінгі ұстаздар оқытып отырған оқушылардың білім сапасына тікелей қатысты. Ұстаздарға күн сайын жауапкершілік салмағы да артуда. Бүгінгі қоғам талабына сай сауатты ЖИ меңгерген ұстаз болу – әр педагогтің мақтасына айналуы тиіс.