Алматы күніне орай мектебіміздің оқушылары «Алтын адам» челленджін
Алматы күніне орай мектебіміздің оқушылары «Алтын адам» челленджін бастап, оны Наурызбай ауданының мектептеріне жолдады! Челлендждің басты мақсаты — өскелең ұрпаққа тарихи құндылықтарды дәріптеу, патриоттық сезім қалыптастыру және достықты нығайту. Алматы — тек қана әсем табиғатымен емес, сонымен қатар ғылым-білімнің, өнердің, спорттың ордасы. «Алтын адам» сынды халқымыздың ұлы мұралары дәл осы өңірде табылып, ұлттық тарихымыздың мақтанышына айналды.Алтын адам – Ұлы Даланың символы.