11
ақпан
2026
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты әдеби-сазды кеш әсерлі де тағылымды түрде өтті.
[media=https://www.instagram.com/reel/DUkslbDDGzW/?igsh=anM1NDk1eTc3MHhx]
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты әдеби-сазды кеш әсерлі де тағылымды түрде өтті.
Кештің құрметті қонақтары — қазақ сөзінің қадір-қасиетін эфир арқылы көпшілікке насихаттап жүрген Қазақ радиосының белгілі жүргізушісі Гүлмира Нәлібай, Қазақ мемлекеттік Жамбыл атындағы филармонияның әншісі Біржан Бәзілжан және Қазақ радиосында қызмет атқарған, республикалық ақындар айтысының жүлдегері, айтыскер ақын, журналист Бақыт Жағыпарұлы болды.
Кеш барысында Мұқағали жырлары тебіреніспен оқылып, жүрекке жеткен әсем әндері шырқалды. Біржан Бәзілжан домбыраның күмбірімен ақын әндерін нақышына келтіре орындап, көрермен көңілін толқытса, Бақыт Жағыпарұлы Мұқағали поэзиясын ерекше сезіммен жеткізіп, кештің шырайын аша түсті.
Әдеби кеш оқушылар мен ұстаздарға терең әсер қалдырып, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттырған, рухани құндылығы мол, мазмұнды басқосу ретінде есте қалды.
@edu.almaty
@sairan.saifedenov
@nauryzbay_bilim_bolimi
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima
@gulmiranalibai