Материалы за Қыркүйек 2025 года » Страница 7 » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қыркүйек 2025 года » Страница 7
Almaty Kids Athletics Fest -2025 2016-2017 жылғы оқушылар арасында қалалық  жарыста жүлделі орындар алды
21
қыркүйек
2025
Almaty Kids Athletics Fest -2025 2016-2017 жылғы оқушылар арасында
Құттықтаймыз ! Almaty Kids Athletics Fest -2025 2016-2017 жылғы оқушылар арасында қалалық  жарыста Ахмед Ерасыл 60 м жүгіруден 2- орын , доп лақтырудан 1-орын Бейсен Бәйдібек доп лақтырудан, 3- орынға ие болды . Жас спортшыларымызға алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз !  @kusainova.s.a @nauryzbay_bilim_bolimi @aliakbarovafatima @edualmaty @oqu_aqartu_ministrligi @almaty.gcfk.sport
7Б сынып оқушылары фестивальде болып, қаланың тыныс-тіршілігімен, кітапсүйер оқырманға сүйсініп, кітап авторларымен кездесіп қайтты
21
қыркүйек
2025
7Б сынып оқушылары фестивальде болып, қаланың тыныс-тіршілігімен,
Кезекті демалысымызды қала күніне байланысты ұйымдастырылатын КіtapFest-те өткіздік. Қаламыздың төрі рухани орталыққа айналды. Фестиваль қала тұрғындары мен қала қонақтары үшін кітаптарға жеңілдік жәрмеңкесін, кітап авторлары, танымал ақын,жазушылар:Сәуле Досжан, Ақберен Елгезек, Санжар Керімбай, еліміздің болашағын ойлап жүрген Марфуға Шапиан, Мирас Кесебаев, Мұқан Шыңғыс сынды спикерлермен кездесу, кішкентайлар мен жастарға арналған TrendZone-дар, ертегілерге негізделген квест ойындарын
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясының 5 “Г” сынып ата-аналарымен “Бала болашағы-ортақ жауапкершілік” тақырыбында жиналыс өткізілді.
20
қыркүйек
2025
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясының 5 “Г” сынып ата-аналарымен
18.09.2025 жылы Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясының 5 “Г” сынып ата-аналарымен “Бала болашағы-ортақ жауапкершілік” тақырыбында жиналыс өткізілді. Күн тәртібінде:  Мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру;  Оқу жылының мақсат-міндеттері;   Оқушылардың сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімін қадағалау;   Мектеп формасына қойылатын талаптар;   Ата-аналар мен мектептің өзара байланысын нығайту; Электрондық құрылғыларды пайдалану туралы айтылды.  Ата-аналар жиналысы өз деңгейінде өтті. Барлық
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясында 9 “Д” сыныптың ата-аналарымен жоспарлы жиналыс өткізілді.
20
қыркүйек
2025
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясында 9 “Д” сыныптың
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясында 9 “Д” сыныптың ата-аналарымен жоспарлы жиналыс өткізілді. Кездесу барысында: • Мектеп формасына қойылатын талаптар мен ішкі тәртіп ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді; • Профориентологпен кездесіп, оқушылардың болашақ мамандық таңдауы бойынша ұсыныстар тыңдалды;  • Сыныптың оқу жетістіктері мен белсенділігіне шолу жасалды. Бұл жиын ата-аналар мен мектеп ұжымының ынтымақтастығын нығайтып, оқушылардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына ықпал
Алматы күніне орай мектебіміздің оқушылары «Алтын адам» челленджін бастап, оны Наурызбай ауданының мектептеріне жолдады!
20
қыркүйек
2025
Алматы күніне орай мектебіміздің оқушылары «Алтын адам» челленджін
Алматы күніне орай мектебіміздің оқушылары «Алтын адам» челленджін бастап, оны Наурызбай ауданының мектептеріне жолдады! Челлендждің басты мақсаты — өскелең ұрпаққа тарихи құндылықтарды дәріптеу, патриоттық сезім қалыптастыру және достықты нығайту. Алматы — тек қана әсем табиғатымен емес, сонымен қатар ғылым-білімнің, өнердің, спорттың ордасы. «Алтын адам» сынды халқымыздың ұлы мұралары дәл осы өңірде табылып, ұлттық тарихымыздың мақтанышына айналды.Алтын адам – Ұлы Даланың символы.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Келешек мектептері» жобасы жүзеге асырылуда
19
қыркүйек
2025
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Келешек мектептері» жобасы
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Келешек мектептері» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында тек Қызылорда облысында 14 мыңға жуық оқушы орнына арналған 10 мектептің құрылысы жоспарланған, оның тоғызы пайдалануға берілген.  По поручению Главы государства реализуется проект «Келешек мектептері». В рамках проекта только в Кызылординской области запланировано строительство 10 школ почти на 14 тыс. ученических мест, девять из которых уже введены в эксплуатацию. #келешекмектептері 
№206 мектеп-гимназия директоры Алиакбарова Фатима Маметқалиқызы бүгін мектеп асханасына кіріп, оқушылардың тамақтану барысын бақылады
19
қыркүйек
2025
№206 мектеп-гимназия директоры Алиакбарова Фатима Маметқалиқызы бүгін
МЕКТЕП АСХАНАСЫНА БАҚЫЛАУ №206 мектеп-гимназия директоры Алиакбарова Фатима Маметқалиқызы бүгін мектеп асханасына кіріп, оқушылардың тамақтану барысын бақылады. Балалардың ас мәзірімен танысып, тамақтың сапасына және санитарлық жағдайына назар аударды. Осындай тұрақты бақылау оқушылардың дұрыс әрі пайдалы тамақтануын қамтамасыз етеді.  @aliakbarovafatima @nauryzbay_bilim_bolimi 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
19
қыркүйек
2025
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ.  Қандай жағдайларда психологқа жүгінуге болады?  Егер сіз мазасыздық, қорқыныш немесе ішкі қысым сезінсеңіз  Егер сізді бір нәрсе қатты мазаласа, ал бұл туралы сөйлесетін адам болмаса  Егер достарыңызбен, ата-анаңызбен немесе мұғалімдермен келіспеушілік болса  Егер өзіңізді жалғыз немесе сенімсіз сезінсеңіз  Егер оқуға деген қызығушылық жоғалса немесе оқу қиын болып көрінсе  Немесе жай ғана ішіңіздегіні айтып, біреудің қолдауын қажет етсеңіз Психологпен сөйлесу —
Бүгінгі сынып сағатында оқушыларымыз Алматының көне тарихына шолу жасады
19
қыркүйек
2025
Бүгінгі сынып сағатында оқушыларымыз Алматының көне тарихына шолу
«Мен Алматы тарихын білемін» Қазақ елінің жүрегі – Алматы қаласы сан ғасырлық тарихымен, әсем табиғатымен, мәдениетімен ерекшеленеді. Бүгінгі сынып сағатында оқушыларымыз Алматының көне тарихына шолу жасады; Қаламыздың мәдени-рухани орындарымен танысты; Ел тарихында Алматының алатын орны жайлы ой бөлісті.  #Алматы #МенАлматыныБілемін #СыныпСағаты #Тарих  7«Ғ» сыныбы Сынып жетекші: Ермен Бибіфатима
Бүгін 6 «Д» сынып оқушылары «Адам папиллома вирусы» тақырыбында диктант жазды.
18
қыркүйек
2025
Бүгін 6 «Д» сынып оқушылары «Адам папиллома вирусы» тақырыбында
Бүгін 6 «Д» сынып оқушылары «Адам папиллома вирусы» тақырыбында диктант жазды. Бұл диктантты жазудағы мақсат оқушылардың сауатты жазу дағдыларын дамыту ғана емес, сонымен бірге денсаулыққа қатысты маңызды ақпаратпен таныстыру болды. Оқушылар мәтінді жазу барысында адам папиллома вирусының таралу жолдары, оның алдын алу шаралары және жеке бас гигиенасының маңыздылығы жайлы мәлімет алды. Осындай мазмұнды тапсырмалар арқылы біз жас ұрпақтың жауапкершілігін арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға