23
сәуір
2025
Бүгін №206 мектеп-гимназиясында балабақшамен тығыз байланыс орнату мақсатында “Кел, мектепке, балақай!” атты тәжірибе алмасу экскурсиясы ұйымдастырылды.
Бүгін №206 мектеп-гимназиясында балабақшамен тығыз байланыс орнату мақсатында “Кел, мектепке, балақай!” атты тәжірибе алмасу экскурсиясы ұйымдастырылды. Бұл жолы қонақта – “Алихан” балабақшасының тәрбиеленушілері.
Бүлдіршіндер мектеп ішін аралап, кітапхана, асхана, спорт алаңы секілді орындармен танысты. Сонымен қатар, мектеп ұстаздары – Кокымбекова М, Мергенбаева Н, Ахатқызы З балаларға арнайы қызықты мини-сабақтар өткізіп, олардың назарын өздеріне баурап алды.
Мұндай тәжірибе алмасу жұмыстары балабақша тәрбиеленушілерінің мектепке деген қызығушылығын арттырып, келешекте білім ордасына деген оң көзқарас қалыптастыруға көмегін тигізері сөзсіз. Балалар қуанышты көңіл-күймен естелік сыйлықтарын алып, жарқын әсермен қайтты.
Болашақ оқушыларымызға есігіміз әрдайым ашық!
@oqu_agartu_ministrligi
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima
@edu.almaty
@nauryzbay_bilim_bolimi