06
қаңтар
2025
АҚШ-тың Вице-президенті Камала Харристің «Superheroes Are Everywhere» кітабы енді қазақ тілінде!
Кітап сүйер қауымға тамаша жаңалық!
АҚШ-тың Вице-президенті Камала Харристің «Superheroes Are Everywhere» кітабы енді қазақ тілінде!

«Суперқаһармандар арамызда» атты бұл ерекше туындыны Жазира Мұхтарқызы Құл-Мұхаммед қазақ тіліне аударып, «Атамұра» баспасы жарыққа шығарды. Кітап тұсаукесері Алматыдағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында өтті. Тұсаукесерге Наурызбай ауданы №206 мектеп- гимназиясының оқушылары мен ұстаздары және журналистер мен арнайы қонақтар жиналды.Кітапта Камала Харрис өз өміріндегі маңызды адамдар мен оқиғалар туралы сыр шертеді. Ата-анадан алған тәлім-тәрбие, отбасылық құндылықтар мен шынайы қаһармандықтың мәні балаларға түсінікті әрі қызықты түрде баяндалған.
Шара барысында балаларға арнайы кітаптар сыйға тартылып, естелік суреттер түсірілді. Балалар кітаптың мазмұны мен ерекше суреттеріне тәнті болды.
Біздің айналамызда нағыз суперқаһармандар бар! Ата-анамыз, ұстаздарымыз, достарымыз – бәрі өз істерімен бізге үлгі бола алады.
