26
маусым
2025
2025 жылдың 26 маусымында, Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, Алматы қаласы Наурызбай ауданына қарасты №206 мектеп-гимназиясының 6-7 сынып оқушылары жазғы демалыс кезінде ерекше бастама көтерді
2025 жылдың 26 маусымында, Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, Алматы қаласы Наурызбай ауданына қарасты №206 мектеп-гимназиясының 6-7 сынып оқушылары жазғы демалыс кезінде ерекше бастама көтерді. Олар өз қолдарымен салған суреттерін жинақтап, нашақорлықтың зиянын насихаттайтын көрме ұйымдастырды.
Көрменің басты мақсаты — жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын дәріптеу және зиянды әдеттердің алдын алу. Балалар өз жұмыстарында нашақорлықтың адам өміріне келтіретін зиянын түрлі-түсті бояулар арқылы бейнелеп, өз ойларын креативті түрде жеткізе білді.
Мектеп әкімшілігі мен ата-аналар қауымы оқушылардың бұл бастамасын қолдап, олардың шығармашылығына жоғары баға берді. Осындай іс-шаралар балалардың жауапкершілік пен өмірлік құндылықтарды дұрыс түсінуіне ықпал ететіні сөзсіз.