11
сәуір
2025
Наурызбай ауданының кестесіне сәйкес жалпы ата-аналар жиналысы
Наурызбай ауданының кестесіне сәйкес жалпы ата-аналар жиналысы
2025 жылғы 10 сәуір күні №206 мектеп-гимназиясында «Баланың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік!» атты ата-аналармен және мүдделі органдармен маңызды кездесу – жиналыс өтті. Басты тақырып – балалардың қауіпсіздігі мен олардың құқықтарын қорғау.
Жиын барысында бала қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер қозғалып, ата-аналарға қажетті ақпараттар ұсынылады.
Күн тәртібінде:
«Отбасындағы тыныштық – қоғамның тыныштығы»– Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы полиция майоры Ахметова Меруерт Маратқызы
"Бала тәрбиесі — құқықбұзушылықтың алдын алудың негізі"– Наурызбай ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Шулембаев Нурбосын Нұрбақытұлы
"Жасөспірім және заң: ата-аналар нені білуі керек?" –Наурызбай ауданы учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Тұрсынбеков Еламан Досанұлы
«Жүрек жылуы» психологиялық тренинг – мектеп-гимназия психологтары Л.Сманкулова, Қ.Кунболатова
QR 111 туралы: «Квадроберлер деген кімдер? Аниме деген не? Бұл балалардың өміріне және психикасына қауіпті ме?» – мектеп-гимназия психологтары Л.Сманкулова, Қ.Кунболатова
"Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және нашақорлықтың алдын алу"– ДТІЖО И.Н.Қалибек
Қорытынды сөз – мектеп-гимназия директоры Ф.М.АлиакбароваБала – болашақ иесі! Оның қауіпсіздігі – баршамыздың басты міндетіміз!
Осындай ашық форматтағы кездесулер – ата-ана, мектеп және қоғам арасындағы алтын көпір!