17
қаңтар
2024
№206 мектеп-гимназия – смартфонсыз мектеп.
№206 мектеп-гимназия – смартфонсыз мектеп. Ұялы телефон – коммуникация құралы және қазіргі заман адамы иммиджінің бөлігі екені анық. Алайда, мектеп пен ата-ана ортасындағы келісімшарт негізінде, мектеп-гимназияның ішкі ережесіне сәйкес, сабақ кезінде мектебімізде ұялы телефон ұстауға жол жоқ. Мақсатымыз оқушылардың көру қабілетін сақтап, сабаққа деген зейінін ашып, оқу процесі кезінде интернетте отырып, ойын ойнамауының алдын алу, физикалық және психикалық дамуын күшейту. Осы мақсат аясында әр сынып жетекші оқушылар сабаққа келген кезден ұялы телефондарын арнайы кейстерге (қорапқа) жинап алады, сабақтары біткен кезде таратып береді.