Оқушылар бүгін “Хайуанаттар бағына” барып, бүгінгі күндерін өте қызықты әрі сапалы өткізді. » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылар бүгін “Хайуанаттар бағына” барып, бүгінгі күндерін өте қызықты әрі сапалы өткізді.
30
мамыр
2024

Оқушылар бүгін “Хайуанаттар бағына” барып, бүгінгі күндерін өте қызықты әрі сапалы өткізді.

whatsapp-video-2024-05-31-at-11_20_27.mp4 [7,17 Mb] (cкачиваний: 0)
№206 мектеп – гимназия жанынан ашылған «Балдырған» лагерінің жұмыс жоспарына сәйкес оқушыларды күнделікті қабылдау, сергіту жаттығуларын жасау, қызықты ойындар ойната отырып баланың танымдық қабілетін дамытуға ұстаздар жұмыс жасап жатыр. Оқушылар бүгін “Хайуанаттар бағына”  барып, бүгінгі күндерін өте қызықты әрі сапалы өткізді. «Менің сүйікті хайуанатым” тақырыбындағы жобаға қатыса отырып, өздерінің сүйікті жануарларын тамақтандырды. Құстардың, балықтардың, маймылдардың түрлерімен танысып, танымдық саналарының кеңеюіне барынша атсалысып, тәрбиешілер өз жұмыстарын өте жоғарғы деңгейде атқарды. «Қызғалдақ» «Бірлік» «Болашақ» «Достық» «Сұңқар» «Қыран» «Жалын» «Балауса» «Балапан» «Балдырған» «Күншуақ» «Жұлдыз” топтарындағы оқушылардың көңіл-күйлері керемет, көптеген хайуанаттардың қасында тұрып селфи жасап та үлгерді.