27
мамыр
2024
Наурызбай ауданы №206 мектеп- гимназиясында 27 мамыр сағат 9:00де мектепішілік «Балдырған» жазғы демалыс лагерінің ашылуы мектеп ауласында өткізілді.
Наурызбай ауданы №206 мектеп- гимназиясында 27 мамыр сағат 9:00де мектепішілік «Балдырған» жазғы демалыс лагерінің ашылуы мектеп ауласында өткізілді. Алаңға мектеп оқушылары және ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Ашылу мерекесімен мектеп директоры Алиакбарова Фатима Маметкалиевна құттықтап, бүлдіршіндерді лагерге белсене қатысуларын, бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарын айтты. Салтанатты жиында балаларды қызықтырып, ойындар ойнатып, сыйлықтар беріп, ән айтқызып, би билетті. Жиында «Мерекем» әні, «Біз бақытты баламыз!», «Тәтті, тәтті» әндері орындалып, қазақша билер биледі. Оқушыларды топ жетекшілері және тәлімгерлері белгіленген кабинеттеріне апарып, күн тәртіптерімен таныстырды. Әр топпен ойындар ойнатылып, сыйлықтар ұсынылды. Оқушылар лагердің бірінші күннен қызықты әсерде болды. Лагерь тәрбиешілері бүлдіршіндердің естерінде қалатындай жақсы ұйымдастыра білді. Сонымен қатар, мектепте «Тілдік», «Туристік», «Дебаттық» және профилдік лагерлер өз ашылу салтанаттарын өткізді. Лагердің ашылуында оқушыларға жұмыс жоспары, күн тәртібі, оқу кабинеттерімен таныстырып, ән айтқызып, ойындар ойнатты.