19
қыркүйек
2024
206 мектеп-гимназияның ата-аналарымен танысу , жылды жоспарлау мақсатында жаңа форматта ата-аналар жиналысы өтті.
Наурызбай ауданы, #206 мектеп-гимназияның 8 "Д" сынып ата-аналарымен кезекті жиналысы өтті. Жиналыс жаңа форматта, балалардың ыстық лебізі видео арқылы көрсетіліп, жүрегі нәзік, аяулы аналарымыздың көңілін біраз елжіретті. Жиналыстың мақсаты: мектептің ішкі тәртібі, мектеп формасы, білім алушылардың өмір қауіпсіздігі, түрлі әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны, оқушылардың сабақ үлгерімі. Оқушылардың қоғаммен тығыз байланысуы, адам бойындағы асыл қасиеттерді бойларына сіңіруді ата-анамен бірігіп отырып, бағыт-бағдар көрсету.
Сынып жетекшісі: Кеулімжаева Жанар Серікқызы
Наурызбай ауданы, #206 мектеп-гимназияның 6 "Е" сынып жетекшісі ата-аналарымен жыл басындағы танысу, ақпарат алмасу мақсатындағы "Отбасы өнегесі-Отан өнегесі" тақырыбындағы ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыста: мектептің ішкі тәртібі, мектеп формасы, білім алушылардың өмір қауіпсіздігі, түрлі әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны, оқушылардың сабақ үлгерімі, қоғаммен байланысы айтылды. Ұлт тәрбиесі әрбір отбасыдан басталатынын, бала бойындағы адамгершілік қасиеттерді ата-анамен бірігіп отырып қалыптастырып, жұмыс жасайтыны сөз етілді.
@nauryzbay_bilim_bolimi
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima