Кезекті жиналыстың мәселесінде мұғалімдер баяндама жасап, «Жасанды интелект» туралы қызықты мәліметтермен әрі пайдалы web сайттарымен бөлісті. » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кезекті жиналыстың мәселесінде мұғалімдер баяндама жасап, «Жасанды интелект» туралы қызықты мәліметтермен әрі пайдалы web сайттарымен бөлісті.
20
қараша
2023

Кезекті жиналыстың мәселесінде мұғалімдер баяндама жасап, «Жасанды интелект» туралы қызықты мәліметтермен әрі пайдалы web сайттарымен бөлісті.



Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.  Ахмет Байтұрсынов  Наурызбай ауданы, №206 мектеп-гимназияда әр дүйсенбі күндері ұстаздармен жиналыс өткізіледі. Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Біздің де білім жолында адал қызмет етіп жүрген әріптестеріміз үнемі ізденісте жүреді. Оған дәлел ретінде «ED X CRUNCH» әлемдік деңгейдегі тәжірибе алмасу семинарына қатысып келді. Кезекті жиналыстың мәселесінде мұғалімдер баяндама жасап, «Жасанды интелект» туралы қызықты мәліметтермен әрі пайдалы web сайттарымен бөлісті. Жасанды интеллект – кез-келген нәрсеге қабілетті, болжамдардан бастап, кескіндерді жасауға дейін мүмкіндігі бар.