19
қараша
2024
2024 жылдың 18 қарашасында #206 мектеп-гимназиясында 1-11 сынып оқушыларымен "Буллингтен қорған" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
2024 жылдың 18 қарашасында #206 мектеп-гимназиясында 1-11 сынып оқушыларымен "Буллингтен қорған" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында жасөспірімдер арасындағы буллинг, кибербуллинг сияқты келеңсіз жағдайлардың алдын алу, оқушылардың бұл мәселелер туралы түсініктерін қалыптастырып, жауапкершіліктерін арттыру. Сонымен қатар, өзара сыйластық қарым-қатынасты нығайту, заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттау көзделді. Сабақ барысында оқушыларға тақырып бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қажетті кеңестер берілді.
@oqu_agartu_ministrligi
@edu.almaty
@nauryzbay_bilim_bolimi
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima