03
желтоқсан
2024
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ – ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ!

Мектебімізде кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру мақсатында мектеп инспекторы Ерболат Мерланұлының қатысуымен ұлдар жиналысы өткізілді. Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс жерде ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы, жолда жүру барысында жол қауіпсіздігін сақтау, ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын жазалар жөнінде оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу туралы айтылды.
@oqu_agartu_ministrligi
@edu.almaty
@nauryzbay_bilim_bolimi
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima