Материалы за 16.10.2025 » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 16.10.2025
#206 мектеп-гимназияның 4-сынып оқушыларынан құралған команда «Зерделі ұрпақ» олимпиадасының аудандық кезеңінде БАС ЖҮЛДЕ иеленді!
16
қазан
2025
#206 мектеп-гимназияның 4-сынып оқушыларынан құралған команда
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!  #206 мектеп-гимназияның 4-сынып оқушыларынан құралған команда «Зерделі ұрпақ» олимпиадасының аудандық кезеңінде БАС ЖҮЛДЕ иеленді! Жас зияткерлерімізге зор алғыс! Білімге деген талпыныстарыңыз арта берсін, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!
Бүгін 4 «В» сынып оқушылары кабинетте “Таза бейсенбі” күнін өткізіп, өз сыныптарын жарқыратып тазалады
16
қазан
2025
Бүгін 4 «В» сынып оқушылары кабинетте “Таза бейсенбі” күнін өткізіп,
 “Таза бейсенбі” — тазалық өзімізден басталады! Бүгін 4 «В» сынып оқушылары кабинетте “Таза бейсенбі” күнін өткізіп, өз сыныптарын жарқыратып тазалады. Әр оқушы тазалықтың маңызын түсініп, ұжымдық жұмыс пен жауапкершілікті сезінді. Мұндай шаралар балалардың еңбекқорлығын, ұйымшылдығын арттырып, өз ортамызды сүйіспеншілікпен күтуге үйретеді. Жарайсыңдар, менің таза жүректі шәкірттерім!  #ТазаБейсенбі #4Всынып #Кабинеттазалығы #Мектепөмірі #ЗамираКенжебекқызы 
Бүгін #206мектеп_гимназияның 8 «А» сыныбы «Таза бейсенбі» күніне белсене қатысты!
16
қазан
2025
Бүгін #206мектеп_гимназияның 8 «А» сыныбы «Таза бейсенбі» күніне
 Таза бейсенбі – таза жүректен басталады!  Бүгін #206мектеп_гимназияның 8 «А» сыныбы «Таза бейсенбі» күніне белсене қатысты! Оқушылар сыныптарын жинап, қоршаған ортаға деген қамқорлықтарын іспен көрсетті. Тазалық — денсаулық кепілі, ал бірлікпен атқарылған іс — үлкен қуаныш
№206 мектеп-гимназияның 3-4 сынып оқушылары “Алтын сақа” республикалық олимпиадасында мектепішілік кезеңнен топ жарып аудандық кезеңге жолдама алған оқушылар марапатталды
16
қазан
2025
№206 мектеп-гимназияның 3-4 сынып оқушылары “Алтын сақа”
№206 мектеп-гимназияның 3-4 сынып оқушылары “Алтын сақа” республикалық олимпиадасында мектепішілік кезеңнен топ жарып аудандық кезеңге жолдама алған оқушылар марапатталды. Білім мен зейіннің, табандылық пен еңбектің нәтижесін көрсеткен оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы кезеңдерден жоғары нәтиже көрсетулеріңе тілектеспіз. Сәттілік!
Бүгін 6 “Г” сыныбы оқушылары “Таза бейсенбі” акциясына белсене қатысып, өз сынып кабинетін мұнтаздай етіп тазалады.
16
қазан
2025
Бүгін 6 “Г” сыныбы оқушылары “Таза бейсенбі” акциясына белсене
Бүгін 6 “Г” сыныбы оқушылары “Таза бейсенбі” акциясына белсене қатысып, өз сынып кабинетін мұнтаздай етіп тазалады.  Оқушылар еден жуып, терезе сүртіп, парталарды ретке келтіріп, сыныптың сәнін кіргізді. Мұндай іс-шаралар балаларды еңбекке баулып, тазалыққа деген жауапкершілігін арттыра түсетіні анық.  «Тазалық – денсаулық негізі» демекші, сыныбымыз енді жайлы, таза әрі жайлы күйге енді.  Еңбек – тәрбие бастауы. Ал мұндай игі істер – бірлігіміздің, ұйымшылдығымыздың белгісі! Сынып жетекшісі:
ЭСТЕТИКА ПӘНДЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ «ҰЛТТЫҚ РУХ ПЕН ӨНЕР – ЕЛДІҢ МӘҢГІЛІК ҚАЗЫНАСЫ» атты онкүндік аясында 15.10.2025ж 5”Ә” сынып оқушыларына көркем еңбек пәні мұғалімі Мәңке Ақбаян “Пластикалық пішіндер. Мүсін өнері” тақырыбында ашық сабақ
16
қазан
2025
ЭСТЕТИКА ПӘНДЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ «ҰЛТТЫҚ РУХ ПЕН ӨНЕР –
ЭСТЕТИКА ПӘНДЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ «ҰЛТТЫҚ РУХ ПЕН ӨНЕР – ЕЛДІҢ МӘҢГІЛІК ҚАЗЫНАСЫ» атты онкүндік аясында 15.10.2025ж 5”Ә” сынып оқушыларына көркем еңбек пәні мұғалімі Мәңке Ақбаян “Пластикалық пішіндер. Мүсін өнері” тақырыбында ашық сабақ өтті.
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушыларының ата-аналарына педагог-кәсіби бағдар беруші Жұлдыз Рашидқызы ҰБТ - 2026 ережесімен таныстырды.
16
қазан
2025
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушыларының
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушыларының ата-аналарына педагог-кәсіби бағдар беруші Жұлдыз Рашидқызы ҰБТ - 2026 ережесімен таныстырды.  Таныстырылым барысында: ҰБТ өтініш беру және тапсыру мерзімдері ҰБТ-ға алып кіруге тыйым салынған заттар ҰБТ құрылымы және пән бойынша шекті балдар Жоғары оқу орнына түсу үшін мемлекет бекіткен шекті балдар Қос дипломдық бағдарламамен білім беретін ЖОО тізімі мен шарттары ҰБТ-ны оқушылар 1 тестіленуші, 1 компьютер, 2 камера қағидаты
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушыларына мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қазбек Омарұлы ҰБТ - 2026 ережесімен таныстырды
16
қазан
2025
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушыларына мектеп
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушыларына мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қазбек Омарұлы ҰБТ - 2026 ережесімен таныстырды.  Таныстырылым барысында: ҰБТ өтініш беру және тапсыру мерзімдері ҰБТ-ға алып кіруге тыйым салынған заттар ҰБТ құрылымы және пән бойынша шекті балдар Жоғары оқу орнына түсу үшін мемлекет бекіткен шекті балдар Қос дипломдық бағдарламамен білім беретін ЖОО тізімі мен шарттары ҰБТ-ны оқушылар 1 тестіленуші, 1 компьютер, 2 камера қағидаты