16
қазан
2025
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушыларына мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қазбек Омарұлы ҰБТ - 2026 ережесімен таныстырды
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушыларына мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қазбек Омарұлы ҰБТ - 2026 ережесімен таныстырды. Таныстырылым барысында: ҰБТ өтініш беру және тапсыру мерзімдері
ҰБТ-ға алып кіруге тыйым салынған заттар
ҰБТ құрылымы және пән бойынша шекті балдар
Жоғары оқу орнына түсу үшін мемлекет бекіткен шекті балдар
Қос дипломдық бағдарламамен білім беретін ЖОО тізімі мен шарттары ҰБТ-ны оқушылар 1 тестіленуші, 1 компьютер, 2 камера қағидаты бойынша тест тапсырады.
Оқушылар жоғары оқу орнына оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыру міндетті. Сондықтан оқушылар өзі қалаған мамандығына оқуға түсу үшін ҰБТ-ға жүйелі дайындық жүргізу жұмыстарын бастап кетті. Оқушыларымызға сәттілік тілей отырып, грант иегері атануларына тілектеспіз.
#ұбт2026#140балл#мамандықтаңдау