5–6-сынып жетекшілерінің қатысуымен «Ұрлық – түбі қорлық», буллингтің
№206 мектеп-гимназиясында 5–6-сынып жетекшілерінің қатысуымен «Ұрлық – түбі қорлық», буллингтің және құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиналыс барысында оқушылардың тәртібін бақылау, өзара сыйластық пен мәдениетті қарым-қатынас орнату, сонымен қатар құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері талқыланды. Мақсат – жасөспірімдердің бойында адалдық, жауапкершілік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу. «Адалдық – асыл қасиет, ұрлық – қорлық!»