07 қазан күні №206 мектеп-гимназиясында Өзін-өзі басқару ұйымының мектеп президентін сайлау өтті! » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 07 қазан күні №206 мектеп-гимназиясында Өзін-өзі басқару ұйымының мектеп президентін сайлау өтті!
08
қазан
2025

07 қазан күні №206 мектеп-гимназиясында Өзін-өзі басқару ұйымының мектеп президентін сайлау өтті!



 МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАУЫ – 2025 
07 қазан күні №206 мектеп-гимназиясында Өзін-өзі басқару ұйымының мектеп президентін сайлау өтті!  
Бұл күні 2–11 сынып аралығындағы 2080 оқушы (жалпы оқушылардың 90%-ы) өз дауысын беріп, белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті. 

Сайлауға 13 үміткер қатысып, өз жобаларын таныстырып, мектептің болашағына арналған тың идеяларын қорғады. Ал сайлау барысын 6 бақылаушы қадағалады.  Сайлау нәтижесі бойынша жеңімпаз:  Ниязбек Абдуррахим, 10 «Г» сынып оқушысы — 1580 дауыс жинап, №206 мектеп-гимназиясының жаңа мектеп президенті атанды!

Біз жаңа президентті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оқушылар үні естіліп, бастамалары қолдау таба берсін!