Біздің команда «Самай» мектебінде болып, 6–8 сынып оқушыларына
[media=https://www.instagram.com/reel/DSuezIoDGM_/?igsh=OWo3bXR1b2F4aHM5] 23.12.25 күні біздің команда «Самай» мектебінде болып, 6–8 сынып оқушыларына арналған FIRST бағдарламасымен таныстыру кездесуін ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушылар робототехниканың негізгі бағыттары, ойын ережелері және роботтардың жұмыс істеу ерекшеліктері туралы ақпарат алды. Балалар белсенділік танытып, талқылауға қатысып, көптеген сұрақтар қойды. Кездесу танымдық деңгейі жоғары, қызықты әрі жағымды ортада өтті.