«Жаңа жылға жақсылық» мейірімді іс челленджі аясында №206
[media=https://www.instagram.com/reel/DSkOSwGjJBu/?igsh=MXc5djhpb250eGhieg==] «Жаңа жылға жақсылық» мейірімді іс челленджі аясында №206 мектеп-гимназиясының өзін-өзі басқару ұйымы қала тұрғындарына шуақты мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қоғамдық орындарда, автобус аялдамаларында Аяз ата мен Ақша қар халықпен қауышып, жылы тілектерін арнады. Көпшілікке ыстық шай мен тәттілер таратылып, ертегі кейіпкерлері жаңа жылдың жақсылығын бөлісті. Жүректерге жылу сыйлайық – мереке мейірімнен басталады! В