01
ақпан
2024
№206 мектеп-гимназияда мектептің оқу жоспарына сәйкес «Адамның ұлы қазынасы – білім» тақырыбында бастауыш сыныптардың онкүндігі аясында 1- сынып ата-аналарымен «Отбасы-құндылық мекені» тақырыбында тренинг өтті.
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияда мектептің оқу жоспарына сәйкес «Адамның ұлы қазынасы – білім» тақырыбында бастауыш сыныптардың онкүндігі аясында 1- сынып ата-аналарымен «Отбасы-құндылық мекені» тақырыбында тренинг өтті. Тренингтің мақсаты «Ұлттық құндылықтарды жас буынға насихаттау және баланы дұрыс бағытқа бұрып, ата-ана, мектеп, оқушы байланысын нығайту. Ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл – ең алдымен, үлкендердің кінәсі. Біз жастарды жаһанданудың қатерлі ықпалынан барынша сақтауға міндеттіміз. Бастауыш сынып мұғалім Еркебаева Асылзада мен Майханова Айзат апайлар ата-аналарға өте құнды ақпарат беріп, Отбасы - кез келген адам өмірінің ең маңызды бір бөлігі. Туған ұясы атанған отбасы қажеттілігін ешқашан жоғалтпауды жүректен-жүрекке жеткізе білді.