02
ақпан
2024
«Адамның ұлы қазынасы – білім» тақырыбында бастауыш сыныптардың онкүндігі өз мәресіне жетті.
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияда мектептің оқу жоспарына сәйкес «Адамның ұлы қазынасы – білім» тақырыбында бастауыш сыныптардың онкүндігі өз мәресіне жетті. Онкүндік аясында әртүрлі сайыстар мен олимпиадалар болды. Атап айтар болсақ, математика мен қазақ тілі пәндерінен болған пәндік олимпиада, оқуға құштар мектеп жобасы аясында ұйымдастырылған «Ақыл , білім кітапта, жетелейді мұратқа» атты кітап оқу, «Менің сүйікті ақыным» атты мәнерлеп оқу, «Отбасы құндылық -мекені», «Спорт біздің досымыз» атты ата-аналармен бірге тренингтер мен спорттық сайыстар және «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» интеллектуалды сайыстар, қолөнер, сурет байқауы тағы да көптеген қызықты іс-шаралар болды.
Осы іс-шараларға белсене қатысып, оқушыларын әртүрлі сайыстарға қатыстырған, үш апта бойы тынбай еңбек еткен бастауыш сынып мұғалімдеріне үлкен алғыс. Білімімізді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыру керектігін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбиелейтін бастауыш сынып мұғалімдеріне қанаттарыңыз талмасын дегіміз келеді

*“Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді”*
Апталыққа белсене қатысқан бастауыш сынып бүлдіршіндерін мектеп директоры марапаттап, тағы да биік белестерді бағындыруларына жаңа леп сыйлады.