19
наурыз
2024
19 наурыз – Жаңару күні. Наурызнамаға енгізілген бұл атаулы күнді биыл көктемгі ағаш егу дәстүрімен бастау ұсынылды. Мерекеге орай «Өзін-өзі басқару» ұйымының экология министрлері ағаш егу іс-шарасына қатысты.
Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгіл. Айрықша мейрам – Ұлыстың ұлы күні де жаңару, жаңғыру ұғымдарынан құралған. Сондықтан 19 наурыз – Жаңару күні. Наурызнамаға енгізілген бұл атаулы күнді биыл көктемгі ағаш егу дәстүрімен бастау ұсынылды. Мерекеге орай «Өзін-өзі басқару» ұйымының экология министрлері ағаш егу іс-шарасына қатысты. Жаңару күнінде жаңа көшеттерді, жаңа ағаштарды отырғызып ғана қоймай, бұл біздің тереңге бойлайтын тамырларымыз, яғни болашақ ұрпаққа жаңа саяси өзгерістер мен экономикалық өзгерістер, руханият саласында жасалатын жұмыстар, соның барлығы болашаққа деген сенімді, болашақ ұрпаққа жол көрсету, үлгі көрсету және солардың тамырларын терең бойлап, ертеңгі күні еккен бәйтерек болып, қазақ елінің гүлдену жолында қызмет атқара берсін дегіміз келеді.