19
қаңтар
2024
«Бала тәрбиесіндегі – отбасылық және ұлттық құндылықтардың маңызы» тақырыбында аудандық семинар өтті.
19.01.2024 күні Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияда аудандық Білім бөлімінің, мектептің тәрбие жоспарына сәйкес «Бала тәрбиесіндегі – отбасылық және ұлттық құндылықтардың маңызы» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінің бастығы Құсаинова Салтанат Амангелдіқызы, «Балалықтан даналыққа» кітабының авторы, психолог- тренер Сейілбек Мырзабай Саттарұлы, аудан мектептерінің психологтары, мектеп-гимназияның ата-аналары қатысты. Семинардың мақсаты - Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық бірегейлік, әлеуметтік құзіреттілік, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, көпұлтты мемлекет жағдайында жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше. Ата-ана – баланы адамгершілікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның оқу-тәрбиесіндегі жетістіктеріне де тікелей әсер ететін шынайы жанашыр, тікелей үлескер жандар. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.